Компания туралы
«АГРОТЕХ» зауыты – бүгінде ауыл мен қала үшін машина жасау өнімдерін шығару саласында табысты еңбек етіп жүрген Қазақстан Республикасының азғана отандық кәсіпорындарының бірі.
1934 жылы негізі қаланған кәсіпорын Алматыда және Қазақстан Республикасындағы ең көне кәсіпорындардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін кәсіпорын өзінің негізгі қызмет бейінін сақтап, өз атауын бірнеше рет өзгертті.
1992 жылға дейін кәсіпорын «АГРОРЕММАШ» ғылыми-өндірістік бірлестігінің құрамына тәжірибелік-эксперименталдық зауыт ретінде кірді, бұл өнімнің тәжірибелік үлгілерін әзірлеудің, дайындау мен енгізудің зор тәжірибесін жинауға, сондай-ақ кәсіпорынға мамандар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің білікті құрамын жұмылдыруға мүмкіндік берді.