«АГРОТЕХ» зауыты ауданы 70-тен 30000 м2 тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік үй-жайларды жылытуға арналған автоматты сужылытқыш қазандықтар. Алуан түрлі отынмен жұмыс істейтін жанарғылармен жиынтықталады. Артықшылықтары:
СТ КZ сертификаты
МемСТ және Еуропалық нормалар бойынша дайындау
Мерзімсіз өндірістік лицензия
Конструкциясының сенімділігі мен қарапайымдылығы
Ықшам, шағын үй-жайларға орнатуға болады
Ыңғайлы басқару пульті, интуициялық түсінікті командалар
Жоғары жылу өндірушілік және ПӘК
Қауіпсіз оқшауланған жану камерасы
Қатты қызу мен еруден қорғау
Өздігінен бұғатталатын отын клапаны
Отынды қолдану әмбебаптылығы: газ, сұйық отын, мазут, пайдаланылған май
Отынды үнемді тұтыну
Қоршаған ортаға зиянды заттардың аз шығарындысы
Өндірушілері әртүрлі үрленген жанарғы құрылғыларымен жұмыс істей алады
Фланцті қосылыстардағы жылу тасығышты беру және қайтару келтеқұбырларында монтаждауға дайын қарсы фланцтары бар
«АГРОТЕХ» зауыты 50 кВт-тан 300 кВт-қа дейінгі «ЯРМАК» қатты отынымен жұмыс істейтін қазандықтар өндіреді, олар жылу тасығыштың табиғи немесе мәжбүрлі циркуляциясы бар автономиялық су жылытумен жабдықталған өндірістік, тұрғын және жеке үй-жайларды жылыту үшін арналған.
«АГРОТЕХ» зауыты 150 л.-ден 2000 л. дейін ыстық суды жылытуға арналған, ішкі екі компонентті жабыны мен анодтық қорғанышы бар жанама типті бойлерлер өндіреді. Көпіршіген каучук қабатымен жылу оқшауланған.
ECOFLAME жанарғылары – бұл отынды үнемдеу, СО2 шығарындысының төмен деңгейі, монтаждау уақытын қысқартуға әкелетін және пайдалану қолайлылығын қамтамасыз ететін функционалдық ерекшеліктерімен үйлесімділікте жанарғылардың жоғары тиімділігі мен сенімділігінің кепілдігі.
Кез келген қолдану салалары үшін техникалық шешімдер:
Жылыту
Қоқыстар мен қалдықтарды жағу
Асфальт-бетон өндірісі
Тоқыма, шыныдан үрлеп бұйымдар жасау және қыш өндірісі
БМҚ — өндірістік, тұрғын үй және арнайы мақсаттағы объектілерді жылытуға, желдетуге және ыстық сумен жабдықтауға арналған зауытта толық дайындалатын қазандық қондырғылары. БМҚ табиғи газбен, сұйытылған газбен, дизельді отынмен, мазутпен, мұнай және қатты отынмен (көмір, ағаш отын, пеллет және т.б.) жұмыс істейді. Бүкіл технологиялық жабдық зауытта дайындалған блокқа орналастырылған. БМҚ корпусы: тұтас металл, жылытылған және өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келеді. БМҚ қолданыстағы үй-жайға орнату үшін жақтаумен болуы да мүмкін.
БМҚ габариттік мөлшері мен құрылу принципі оларды автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдау мүмкіндігін көздейді. БМҚ құрудың блокты-модульдік принципі кең қуаттар диапазонында қазандықтарды қарапайым құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. БМҚ-ға бірыңғай диспетчерлік пункттен басқарылатын шағын қазандықтар желілерін бөлу үшін телеметрия жүйелері, электр энергиясын, газды, суық және ыстық суды, өндірілетін жылуды коммерциялық есепке алу тораптары орнатылады.
БМҚ: атмосфералық және үрлемелі жанарғылармен жиынтықталады.
ADT ҚУАТЫ ОРТАША ТІК ҚАЗАНДЫҚТАР
Еденге қойылатын тігінен орындалған автоматтандырылған ADT сужылытқыш қазандықтары (орташа қуаты 58-ден 235 кВт-қа дейінгі газды және сұйық отынды) заманауи жылыту жабдығында қолданылатын озық технологиялар негізінде өндіріледі. Қазандықтар Италия мен Оңтүстік Кореяда өндірілетін үрлеу арқылы жұмыс істейтін автоматтандырылған жанарғылармен жабдықталады. Пайдалы әсер ету коэффициенті жоғары.
ADT қазандықтары әртүрлі объектілерді жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін арналған: көппәтерлі үйлер, коттедждер, мектептер, ауруханалар, мейрамханалар мен өндірістік ғимараттар. Орташа қуатты қазандықтар пайдалануға ыңғайлы әрі үнемді, сенімділігі мен тиімділігі жоғары.
Артықшылықтары:
Ыстық су мен жылудың бөлек контурлары
Қауіпсіз оқшауланған жану камерасы
ЫСЖ контурының жылу алмастырғышы тот баспайтын болаттан жасалған
Қазандықты қашықтықтан басқару пульті (опция)
Қазандықты жергілікті басқару пультінде ақаулық түрін индикациялау
Үй-жайда берілген ауа температурасын автоматикамен қадағалау
Берілген режим бойынша жану мен циркуляцияны автоматты қосу/сөндіру
Жылыту функциясы таймері
Автоматиканы қолдану және арнайы отынды жағу әдістерін пайдалану есебінен отынды 30%-ға дейін үнемдеу (энергияға тәуелді қазандықтармен салыстырғанда)
Жалын датчигі мен судың төмен деңгейі арқасында пайдалану қауіпсіздігі
Қызып кету мен еруден қорғау
Өздігінен бұғатталатын отын клапаны
Оқшауланған жану камерасына ауаны мәжбүрлі түрде беру (үрлеу)
Қазандықтың тік конструкциясы шағын үй-жайға ықшамдап орнатылуын қамтамасыз етеді
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қазандықтар Қазақстанның күрделі жағдайларына барынша бейімделген.