Басты бет
/
Компания туралы

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

29 жылдық тәжірибе
2000 жоба


«АГРОТЕХ» зауыты – бүгінде ауыл мен қала үшін машина жасау өнімдерін шығару саласында табысты еңбек етіп жүрген Қазақстан Республикасының азғана отандық кәсіпорындарының бірі.

1934 жылы негізі қаланған кәсіпорын Алматыда және Қазақстан Республикасындағы ең көне кәсіпорындардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін кәсіпорын өзінің негізгі қызмет бейінін сақтап, өз атауын бірнеше рет өзгертті.​​​​​​
1992 жылға дейін кәсіпорын «АГРОРЕММАШ» ғылыми-өндірістік бірлестігінің құрамына тәжірибелік-эксперименталдық зауыт ретінде кірді, бұл өнімнің тәжірибелік үлгілерін әзірлеудің, дайындау мен енгізудің зор тәжірибесін жинауға, сондай-ақ кәсіпорынға мамандар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің білікті құрамын жұмылдыруға мүмкіндік берді.

Өнім шығару үшін кәсіпорында станок жабдығы паркі бар:
  • СББ бар металл кесуге арналған плазмалық станок
  • табақ ию станогы
  • металға арналған гильотина
  • жүзін жонғыш (кемер кескіш),
  • фрезерлеу станоктары
  • токарь станоктары
  • жазық ажарлағыш станоктар
 2020 жылы бүкіл станок жабдығына жоспарлы жөндеу жүргізілді.

Бүгінде кәсіпорында 50-ден астам өнім атауы өндіріліп, олар Алматы қаласы мен облыс аумағында ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне, сондай-ақ ТМД елдеріне жеткізіледі.

Негізгі өнім – бұл қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін тік және көлденең жылу қазандықтары, сондай-ақ сужылытқыштар (жанама жылытылатын) және металл конструкциялары.
 
Зауыт өнімдерінің сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталған.

2006 жылдың наурызында «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ кәсіпорынға жылыту жабдығы өндірісінің сапа менеджменті жүйесінің ISO-9001 халықаралық стандарттарына сәйкестік сертификатын берді.

Компания өнім өндіріп қана қоймай, толық монтаждауды да жүзеге асырады, кепілдік, кейіннен сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
 
«АГРОТЕХ» зауыты әртүрлі көрмелер мен жәрмеңкелерге белсенді атсалысып келеді және дипломдары бар.

Жыл сайын өткізілетін «Алматыда жасалған» көрмесінде 2007 жылы зауыт өнімімен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев танысып, оған жоғары баға берді.
 
2010 жылдың тамыз айында «АГРОТЕХ» зауыты Алматы қаласы бойынша өңірлік конкурста «Қазақстанның үздік тауары» өз номинациясында жеңімпаз болып, Астана қаласында 2010 жылдың желтоқсанында өткен Республикалық конкурстың дипломанты атанды.

2010 жылдың ақпанында өнімділігі жоғары жаңа жабдық – «HGS-3100-6 гидравликалық гильотиндік қайшылар» мен WC67V-100Т табақ ию станогын пайдалану арқылы бөлшектер дайындау технологиясы енгізілді.

Бояу камерасын, оның ішінде полимерлік матералдарды пайдалану арқылы толық реконструкциялау жүргізілді. Автоматты жанарғыларды, оның ішінде импорттық өндірістегі жанарғыларды жөндеу және оларға қызмет көрсету ұйымдастырылды.

Зауыт «активінде» Алматы қаласы мен Медеу ауданы әкімдіктерінің мектептердің, балабақшалар мен денсаулық сақтау объектілерінің; «Көктем», «Меркі», «Манкент» шипажайларының; қаржы полициясының, Ұлттық Банктің; «Азия Импекс» (Атырау); ҚР Қорғаныс министрлігінің және басқа да көптеген ұйымдардың жылыту құралдары мен жүйелерін монтаждау бойынша тапсырыстарын орындау, сондай-ақ Алматы қаласының өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің одағында (ӨКО) және Қазақстан-Германия Кәсіпкерлер Қауымдастығында (ҚГКО) белсенді жұмыс жүргізілуде.

«АГРОТЕХ» зауыты жоғарыда аталған өнім түрлерін бірлесіп өндіруді ұйымдастыру мақсатында Қытай, Ресей, Қырғызстан мен Италия кәсіпорындарымен ынтымақтаса жұмыс істейді.
Біздің мекенжайымыз
РК, 050019, город Алматы, улица Халиуллина, 32 
Интернет-магазин: http://mok.agrotex.kz/
Жұмыс уақыты
Пн-Пт
8:00 - 17:00
Сб-Вс
Выходной
Егер қандай да бір сұрағыңыз болса, бізге тікелей хабарласыңыз!
Кері байланыс
Сұраныс қалдыру үшін байланыс деректерін толтырыңыз
это поле обязательно для заполнения
Сіздің атыңыз:*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
это поле обязательно для заполнения
Я ознакомлен(а) с пользовательским соглашением*
Спасибо! Форма отправлена